jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды

    Нұржан Әлтаев
    Нұржан Әлтаев: facebook.com/Нуржан Альтаев

    Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды. Бұл туралы Астана соттары Facebook парақшасында хабарлады.

    "2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Нұржан Әлтаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетсек, 7 маусымда Нұржан Әлтаевтың ұсталғаны белгілі болған еді. Антикордың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, оның ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

    Кейінірек, агенттік Әлтаевтың Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен парламент мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

    Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.