jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Әкімдіктің екі қызметкері бар": Талдықорғанда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкерді, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкерін ұстап, олар УҰИ-ге қамалды", – делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, ұсталған тұлғалар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

    "Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды. Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабының 2-тармағының 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге деректер жария етілмейтінін атап өтті.

    "Әкімдіктің екі қызметкері бар": Талдықорғанда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.