jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Арыста екі адамды атып кетті: полицейлер тапсырыс беруші мен орындаушыларды ұстады

    Қолы кісенделген ер адам
    Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар бір аптаға жуық уақыт іздеген еді, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында.

    Ведомствоның мәліметінше, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адам, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушы ұсталды.

    Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Олардан "Сайга" қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді.

    Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеп-тексеру басталды.

    Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

    Арыста екі адамды атып кетті: полицейлер тапсырыс беруші мен орындаушыларды ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.