jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында екі жігіт банкоматтан 13 миллион теңгеге жуық қаржыны ұрлап кеткен

    Банкомат
    Банкомат. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысының полицейлері банкоматты ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының полиция бөліміне 1988 жылы туған А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.

    Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

    Азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

    Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

    Алматы облысында екі жігіт банкоматтан 13 миллион теңгеге жуық қаржыны ұрлап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.