jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Нокаутқа түсіріп, кетіп қалған": Шымкентте ер адам кісі қолынан қаза болды

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте шағын аудандардың бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылды. Оның өліміне күдікті ретінде танысы ұсталды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.

    Ведомство мәліметінше, 25 тамыз күні кешкі уақытта Тұран АПБ-ның 102 арнасына Тельман шағын ауданынан жергілікті тұрғынның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барған. Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамның денесін қарау кезінде әр түрлі дене жарақаттарын байқаған.

    Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркеп, ер адамның өліміне күдіктіні ұстаған.

    Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шыққан.

    "Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес болып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.