jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Шығын 43 млн теңге": ШҚО тұрғыны бір түнде 54 жылқысынан айырылып қалған

    Даладағы жылқылар
    Даладағы жылқылар. Көрнекі фото: pixabay.com

    ШҚО полицейлері құны 43 млн теңге болатын 54 жылқыны ұрлады деген күдікпен Абай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Басылым жазуынша, Ұлан аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас жылқысының ұрланғанын айтып, жүгінген.

    Оның сөзінше, сағат түнгі 23:00 мен таңертеңгі 6:00 аралығында белгісіз адам еркін жайылымда жүрген таңбаланған бір табын жылқысын айдап әкеткен.

    Тұрғынның айтуынша, биелердің бірінің мойнында GPS трекері болған, сол арқылы жылқылардың орналасқан жерін тексеруге тырысқан, бірақ құрылғы ажыратылған күйде болған.

    Тұрғынның арызынан кейін тәртіп сақшылары дереу іздеуге кіріскен. Аумақты тексеру мақсатында тікұшақ пен дрон жұмылдырылған.

    Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны болып шыққан. Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту барысында мал қорасынан заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленген.

    Сондай-ақ жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің өліп қалғаны, оны басынан атқаны анықталған.

    Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    "Шығын 43 млн теңге": ШҚО тұрғыны бір түнде 54 жылқысынан айырылып қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.