jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Қызды алдап, басқа ауылға алып кеткен": Алматы облысында айыпталушыға сот үкімі шықты

    сот залы
    Сот залы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Алматы облысы Жамбыл аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы ұрлады деп айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы облысы соттары Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    Соттың хабарлауынша, биылғы жылдың 6 маусымында таңғы сағат 06.00 шамасында мас күйдегі айыпталушы Қарғалы ауылына қарай көлік тоқтатып тұрған кәмелетке толмаған қыз баланы көріп, алдап сөзге тартып өзімен бірге Ұзынағаш ауылына алып кеткен.

    Бұл ретте, ол бірнеше қонақ үйге тоқтамақ болған, алайда қонақ үй әкімшілері ер адамның мас күйде болғанын көріп қабылдаудан бас тартқан.

    "Содан ол қыз баланы өзімен бірге ертіп Қарасай ауданында орналасқан үйдің сыртындағы "Монша" атты жазуды көріп, сол үйде ұйықтап алу мүмкіндігі бар деп ойлап, ауласына алып кірген.

    Сол уақытта аулаға шыққан үйдің иесін көрген қыз бала айыпталушының қолынан сытылып шығып, аталған азаматтың өзін алдап ұрлап кеткені туралы айтқан. Үй иесі бірден ұялы телефонының видеокамерасына түсіре бастаған. Бұл әрекеттерді көрген ол өзінің қылмыстық әрекеттерін аяқтап, оқиға орнынан бой тасалаған", - делінген сот хабарламасында.

    Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, қыз балаға қатысты ешқандай арам ниеті болмағанын айтып, соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған.

    Алайда судья айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтейді.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "Қызды алдап, басқа ауылға алып кеткен": Алматы облысында айыпталушыға сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.