jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысында аса ауыр қылмыс жасаған келіншек түрмеде тұрмысқа шықты

    Үйлену той1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Абай облысындағы әйелдер колониясында неке қию рәсімі тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Абай облысы бойынша әйелдер колониясында сотталушы Марина сүйіктісімен неке қидырды.

    "Мен сүйіктімді көптен бері білемін, бірақ ол жақын жерде болған кезде бізде отбасын құру туралы ой болған жоқ. Бірақ қашықтық бізді жақындатты. Біз бір-бірімізге қаншалықты қажет екенімізді түсініп, жалғыз дұрыс шешімді таптық. Қарым-қатынасымызды заңдастырып, некемізді тіркедік. Мекеме әкімшілігі бүгін бізге ерекшелік жасап, неке жүзіктерін пайдалануға рұқсат берді. Болашаққа жоспарымыз көп", – дейді сотталған Марина.

    Жастар көп жылдан бері таныс, Марина колонияға екі ай бұрын Өскемен қаласынан келген. Оның сүйіктісін келіншегінің жаза мерзімі енді ғана басталуы да тоқтатпады. Оның үстіне аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сотталған Марина алкоголдік масаң күйде танысын өлтіріп, оған пышақ жарақатын салды, сол жерде қайтыс болған.

    "Некені тіркегеннен кейін жас жұбайлар бірінші ұзақ кездесуге құқылы. Жыл басынан бері әйелдер колониясында үш сотталған отау құрды," – деп түсіндірді сотталғандардың арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Қайранова Ақмарал Болатбековна.

    Абай облысында аса ауыр қылмыс жасаған келіншек түрмеде тұрмысқа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.