jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Мәсімовке қатысты екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр

    Кәрім Мәсімов
    Кәрім Мәсімов. Фото: gov.kz

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты тағы да қылмыстық істер тергеліп жатқанын хабарлады. Бұл туралы комитет өкілдері Kazinform ресми сауалхатына берген жауабында мәлімдеген.

    "Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген ҚР ҰҚК жауабында.

    Сол себепті Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы, 3-бөлігі бойынша Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясынан қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізу мақсатында Астана қаласы ҰҚК тергеу изоляторында қалғаны айтылады.

    Еске салайық, Еске салайық, 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

    Ал 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды. Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (175-баптың 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-баптың 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылған болатын. Алайда әлі күнге Мәсімов тергеу изоляторында екені белгілі.

    Мәсімовке қатысты екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.