jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында қол астындағы қызметкері үшін әкімге айыппұл салынды

    Алтай Досымбаев
    Алтай Досымбаев. Фото: gov.kz

    Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Антикордың облыстық департаменті ресми сайтында.

    Құзырлы орган мәліметінше, мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған маманды жұмысқа қабылдағаны анықталды.

    "Бұл ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып табылады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы).

    Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Істі қарау барысында шенеунік кінәсін толық мойындады", - деп мәлімдеді облыстық департаменттен.

    Ведомство мәліметінше, тексерістен кейін әкімге 50 МРП (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

    Алматы облысында қол астындағы қызметкері үшін әкімге айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.