jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Айыппұл 17 млн теңге": ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабар тарататындарға ескерту жасады

    Телефон ұстаған ер адам
    Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    ІІМ Экстремизимге қарсы іс-қимыл департаменті терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін азаматтар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Азамат Хасеновтың айтуынша 2022 жылмен салыстырғанда биыл мұндай қылмыстардың шамамен 12 пайызға өскені байқалады.

    "Қылмыстық кодекстің 273-бабының санкциясы 5000 АЕК (бұл 17 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл салуды немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды я шектеуді көздейді. Сонымен қатар сот шешімі бойынша объектіге келтірілген залалды төлеуге тура келеді. Бұл сома 200 мыңнан 2 млн теңгеге дейін жетеді", – деді Хасенов.

    Азамат Хасенов ыл басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін 39 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, оның ішінде түрлі жаза тағайындалып, 12 адам сотталғанын мәлім етті.

    "Мұндай хабарламалар Астана және Алматы сияқты ірі қалаларда жиі келіп түседі. Соңғы уақытта Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында "электрондық жалған терроризм" жағдайлары көбейді. Жарылғыш зат қойылды деген хабарламаларда көбінесе көлік құралдары, білім беру, денсаулық сақтау және сот мекемелері көрсетіледі", – деді Азамат Хасенов.

    ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертті.

    "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін полиция биыл 14 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Алматыда – 6, Қарағанды облысында – 4, Астана, Жамбыл, Маңғыстау мен Павлодар облыстарында бір адамнан. Сондай-ақ олардың барлығының ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты тиісті шараларды қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға үлкен сомада айыппұл салынды", – дейді аға жедел уәкіл.

    "Айыппұл 17 млн теңге": ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабар тарататындарға ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.