jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

    Күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Атырауда букмекерлік мекемені тонап, 143 мың 780 теңгені қолды қылған ер адамды ұсталды. Күдікті 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

    Полиция мәліметіне сүйенсек, 3 желтоқсан күні букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген.

    Тексеру кезінде сағат 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 мың 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды.

    Полиция қызметкерлері 25 жасар қала тұрғынын ұстаған.

    Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталған.

    Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.