jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанада жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 іс тергеліп жатыр: бір күдікті Мәскеуде ұсталды

    Құрылыс нысаны
    Құрылыс нысаны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада қылмыстық қудалау органы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істер тергеп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ресей федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды", - делінген прокуратура хабарламасында..

    Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтірді деген күдікке ілінген.

    Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырған.

    "Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда. Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған", - деп хабарлады елордалық прокурорлар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.