jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Маңғыстау облысында күшті әсер ететін дәрілік зат көп көлемде рецептісіз сатылған

    Дәрі мен тиын ұстап отырған адам
    Дәрі мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысындағы дәріханалардың бірінде мерзімі өткен дәрілермен қоса, "Тропикамид" дәрісі рецептісіз сатылған. Бұл турала облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы орган таратқан ақпарат бойынша, облыс прокуратурасы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде тиісті лицензиясы жоқ дәріхана қызметін іске асыру фактісі, сондай-ақ мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау және "Тропикамид" дәрілік заттарын үлкен көлемде (45 мыңнан астам қаптама) рецептсіз сату деректері анықталған.

    "Осыған орай облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

    Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және  426-бабының 1, 3-бөліктерімен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

    Прокуратура өкілдері сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылғанын мәлімдеді.

    Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткі қолдану әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.