jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    СҚО-да қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпе қою фактілері анықталды

    Екпе салу барысы
    Екпе салу барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары кейбір ауруларға жалған екпе салу фактілерін анықтады. Бұл туралы қадағалаушы органның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ресми ақпаратқа сүйенсек, прокурорлар облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексеру кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе салу және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған.

    "Мәселен, санитарлық ереже талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды.

    Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады", - делінген хабарламада.

    Облыстық прокуратура өкілдері 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    "Жалпы, анықталған заңбұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты жіберілген", - делінген прокуратура хабарламасында.

    СҚО-да қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпе қою фактілері анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.