jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Таразда мекеменің экс-директоры 110 млн теңгенің мүлкін жасырғаны үшін сотталып кетті

    судья
    Судья. Көрнекі фото: pexels.com

    Тараз прокуратурасы талдау жүргізу барысында мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады. Бұл туралы облыстық ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен "ASCO Pro" ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдер тәркіленген.

    Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.

    Осы факт бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-тің 425-бабы (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер) бойынша қылмыстық істі тіркеді", - делінген хабарда.

    Тараз қалалық № 2 сотының 7 наурыздағы үкімімен "ASCO Pro" ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚК-тің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

    Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Таразда мекеменің экс-директоры 110 млн теңгенің мүлкін жасырғаны үшін сотталып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.