jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талдықорғанда "Қаңтар оқиғасы" кезінде азаптау ісі бойынша төрт бұрынғы полицей сотталды

    Қолы кісенделген ер адам
    Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    18 наурызда Талдықорған қаласының сотында "Қаңтар оқиғасы" кезінде азаптау ісі бойынша бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

    Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерген.

    Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденгенін айтты.

    Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.

    Сот үкімімен үш сотталушыға 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағы бір адамға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.

    Сонымен қатар сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Талдықорғанда "Қаңтар оқиғасы" кезінде азаптау ісі бойынша төрт бұрынғы полицей сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.