jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да келіні енесінің атынан 2,5 млн теңге несие рәсімдеген

    Калькулятор мен ақша
    Калькулятор мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шығыс Қазақстан облысында келіні енесінің атына 2,5 млн теңге несие алып, ақшаны өзіне жұмсады деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ДП-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

    "Тұрғын келінінің жасырын түрде оның атына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам несие рәсімдегенін хабарлады", - дейді ШҚО ПД өкілдері.

    ПД ақпараты бойынша былтыр келіні зейнеткердің шотына кіруге мүмкіндік беретін келінінің ұялы телефонына банктік қосымша орнатылған.

    "Жұмыссыз қалған келіні былтыр желтоқсаннан бастап биыл қаңтар аралығында банк қосымшасы арқылы енесінің атына үш рет несие рәсімдеп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған", - деп түсіндірді облыстық ПД өкілдері.

    Жәбірленуші не болғанын сәуір айында зейнетақысы аз түскен кезде байқаған. Зейнеткер зейнетақысынан өзі білмеген несиелері үшін төлемдер алынғанын білген.

    Бұл жағдай бойынша алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    ШҚО-да келіні енесінің атынан 2,5 млн теңге несие рәсімдеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.