jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жедел жәрдем қызметшісін ұрған қарағандылыққа қатысты істе қайталама сараптамалар тағайындалды

    Нұрболат Дәкебаев
    Нұрболат Дәкебаев. Видеодан кадр: instagram.com/vmaikuduke

    Қарағандыда жедел жәрдем қызметшісі ұрған Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта қайталама сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айта кетейік, бұл іс бойынша сот отырысы ашық режимде өтіп, онлайн көрсетілді.

    Судья жәбірленуші тараптың қайталама сараптамаларды тағайындау туралы өтінін қанағаттандыруды ұйғарды.

    Нұрболат Дәкебаевтың ісі бойынша сот талқылауы шамамен екі ай бұрын басталған. Ол "бұзақылық" бабы бойынша айыпталған. Тергеу органы сотталушыны жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану арқылы бұзақылық жасады деп айыптап отыр.

    Сот отырысы барысында сот медициналық сараптама қорытындысы жарияланды және сарапшыдан жауап алынды. Іс бойынша бас-аяғы сегіз отырыс өтті.

    Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

    27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

    Кейін оқиғаға қатысты сол кездегі денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

    Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

    29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

    Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

    1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

    Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

    Ал 2 ақпанда жарақат алған жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан ер адамды сотқа бермейтінін айтып, "хайп қуды" деп айыптағандарға жауап берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.