jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Байқоңыр қаласының тұрғыны сот отырысында жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етіп, арызданды, деп хабарлайды Қызылорда облысының соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қызылорда облысының соттары Facebook парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, талап қоюшы жалғыз ұлынан айырылуына байланысты сотталушыдан моральдық зиянды өндіріп алуды талап етіп, Байқоңыр қалалық сотына жүгінген.

    "Арызданушы өзінің талабында жауапкер В. Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын, жауапкер В. ұлын өлтіргені үшін кінәлі деп танылғанын көрсеткен.

    Қылмыстық іс аясында талап қоюшы жәбірленуші деп танылған", - деп жазылған іс материалдарында.

    Бұл ретте қылмыстық іс бойынша азаматтық талап берілмеген еді.

    Алайда әйел сотта жауапкердің қылмыстық әрекетінен зардап шеккенін, жалғыз ұлынан айырылғанын айтып, 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіруді сұрады.

    "Жауапкер қазіргі уақытта үкім бойынша жазасын өтеп жатқанын, жазаны өтеу кезеңінде жұмыспен қамтамасыз етілмегенін және моральдық зиянды өтеуге материалдық мүмкіндігі жоқ екенін түсіндіріп, талап қоюшыға моральдық зиянды мүмкіндігінше төлейтінін айтты", - делінген хабарламада.

    Сот шешімімен қылмыспен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылып, жауапкерден 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

    Сот шешімі заңды күшіне енді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.