jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы бір құрылыс нысаны бұзылды

    Заңсыз салынған құрылыс
    Заңсыз салынған құрылыс. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

    Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысаны бұзылды. Құрылыс Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

    Әкімдік мәліметінше, қалада заңсыз құрылысқа қарсы күрес жалғасып жатыр.

    "Бұл жолы ауданы 1350 шаршы метрден асатын Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан ғимарат бұзылды. Нысан тиісті құжатсыз салынған.

    Меншік иесіне кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілгенімен, оны елемеді. 9 қазанда сот қала құрылысын бақылау басқармасының талабын қанағаттандырды", - делінген хабарда.

    Ғимаратты бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Ерболат Досаев құрылыс қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі тапсырма берген.

    Алматыда бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін қосқанда, барлығы 33 заңсыз нысан бұзылды.

    Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы бір құрылыс нысаны бұзылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.