jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Кәрім Мәсімов ісі Жоғарғы сотқа түсті ме

    Кәрім Мәсімов
    Кәрім Мәсімов. Фото: gov.kz

    Жоғарғы сотқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі кассациялық тәртіппен түспеген және өндірісте жоқ. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

    Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтарда Мәсімовтің үстінен мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу басталды.

    2022 жылғы тамыздың соңында ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарлары мемлекеттік опасыздық жасауға, билікті күшпен басым алуға тырысуға, билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалануға кінәлі деп танылды.

    Кәрім Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқынан өмір бойына айыру арқылы 18 жылға сотталды.

    Кейін ол үкімге шағым түсірді.

    2023 жылдың маусымында астаналық сот үкімнің тұтқынды қамауда ұстау бөлігін ғана жұмсартқан.

    Басылым мәліметінше, 2023 жылғы қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовке қатысты ҚК 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.

    Сол себепті қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізу мақсатында Астана қаласы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

    Кәрім Мәсімов ісі Жоғарғы сотқа түсті ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.