jitsu gif
Оқыс оқиға

    "АҚШ-тан Rolls-Royce жеткізіп берем деп уәде берген": БӘД-ден алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды (видео)

    Күдіктіні экстрадициялау сәті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/GenPr

    Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін күдіктіні экстрадициялады. Ол алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған деген күдікке ілінген.

    "Ол 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан Rolls-Royce маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалап қашып кеткен.

    Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздестіруге жарияланды. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді", - делінген ведомство хабарламасында.

    Бұл қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    "АҚШ-тан Rolls-Royce жеткізіп берем деп уәде берген": БӘД-ден алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.