jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Басы дауға қалған Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті

    Ринат Ибрагимов
    Ринат Ибрагимов. Фото: instagram.com/ibragimov_rinat_online

    Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов қызметінен кетті – бұған дейін оның бұрынғы әйелі некеде болған кезде күйеуінен зәбір көргенін мәлімдеген, деп жазады Kazinform.

    Ақпараттық агенттік мәліметіне сүйенсек, Ринат Ибрагимов Мақат ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кеткен. Ол бұл қызметке 2022 жылдың наурызында тағайындалған еді. Бұған дейін ол Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

    Еске салайық, бұған дейін желіде Ақмарал Үмбетқалиева жазған видео тараған болатын. Ол Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтің бұрынғы әйелі екенін мәлімдеген. Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны 11 жыл бойы жүйелі түрде ұрып-соғып, зәбір көрсеткен.

    Ол шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

    Кейін әйелінің шағымынан кейін аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс басталғаны белгілі болды. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

    Ал 17 мамырда Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов Facebook-тегі парақшасында бұрынғы әйелінің ұрып-соқты деп айыптағанына байланысты мәлімдеме жасағанын жазған едік.

    Басы дауға қалған Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.