jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте алты баланы асырап алған "емшінің" әйелі тергеліп жатыр

    Полиция қызметкері
    Полиция. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте асырап алған балаларын қинаған жергілікті емші ісіне сот нүкте қойған болатын. Бүгінде оның әйелі тергеліп жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

    Басылымының хабарлауынша, 6 баланы қорлаған Смановтың әйелінің үстінен Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалған. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады. 

    "Аталған факт бойынша жергілікті тұрғынның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- делінген қалалық полиция мәліметінде. 

    Айта кетейік, Шымкентте алты баланы асырап алып, ит-мысықтың етін берді деп күдікке ілінген "емшіге" қатысты сот отырысына Ұлықбек Смановтың әпкесі мен қорғаушысы келіп, тың деректер айтқан болатын.

    Сондай-ақ емшіге қатысты сот шешімі жарияланғанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.