jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шетелдік азамат тексеріс кезінде ҚМА қызметкерінен есірткі салынған пакетті тартып алып, жұтып қойған (видео)

    Ұсталған күдікті. Фото
    Ұсталған күдікті. Фото: t.me/afm_rk

    Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Lada Largus маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған.

    "Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетті жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды", - деді ведомство өкілдері.

    Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

    Ұсталған адам уақытша ұстау изаляторына қамалды.

    Ведомство өкілі есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.