jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: ІІМ фейк ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қызылорда полициясы жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    "Әлеуметтік желіде "Члены школьного ОПГ из Кызылорды держали в секс-рабстве одноклассницу" тақырыбында және осы істің айналасындағы жағдай бойынша көптеген шындыққа сәйкес келмейтін, тексерілмеген жалған ақпараттар шығып, олар барлық әлеуметтік желілер арқылы таратылып отыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарда.

    Көрінеу жалған ақпарат таралуына байланысты полиция қылмыстық іс тіркеп, күдіктілерді анықтап жатыр.

    Айта кетсек, бұған дейін желіде Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деген ақпарат тараған.

    ІІМ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Тергеу сотымен күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылған.

    "Жәбірленуші тарап 6 ай көлемінде құқық қорғау органдарына шағымданбаған. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде жүргізілуде. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарда.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді.

    16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: ІІМ фейк ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.