jitsu gif
Оқыс оқиға

    Маңғыстау облысында "Еңбек мобилділігі орталығының" директоры сотталды

    Кісен мен ақша
    Кісен мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысының "Еңбек мобилділігі орталығы" КММ директоры сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлйды.

    Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды.

    "Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.