jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда арнайы операция кезінде ерлі-зайыпты ұсталды (видео)

    Зертханалық ыдыстар. Видеодан кадр
    Зертханалық ыдыстар. Видеодан кадр: polisia.kz

    Алматының Алатау ауданында есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды. Олардың пәтерінен мефедрон мен зертханалық құрал-жабдықтар табылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ведомстволық сайтында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы бойынша "Қарасор" оқу-жаттығуы аясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қызметкерлерінің көмегімен есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді.

    "Күдіктілер үйінде ұсталды, олардан кристалданған ақ түсті зат, шөгінділері бар шыны науа және ақша табылды.

    Ал қазірдің өзінде тінту кезінде ұсталғандардың үйінен зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да техникалар тәркіленді", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

    Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шыққан. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды басылым.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.