jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында қызды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

    Көлік қаққан сәт
    Көлік қаққан сәт. Видеодан скриншот: Telegram/"Криминальный Казахстан"

    Саран қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды көлік қағып, ол қайтыс болды, ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасында жаяу жүргіншіні қаққан сәттің видеосы жарияланды. Трагедия Саран қаласында болғаны айтылған. Кадрлардан қыздың жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқанын, бірақ кенеттен көлік бағытын өзгертіп, қызды қаққанын көруге болады.

    KAZ.NUR.KZ тілшісіне Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыз келесі күні ауруханада көз жұмғанын хабарлады.

    "Қарағанды облысы, Саран қаласында 16 тамызда болған жаяу жүргіншіні қағу дерегі бойынша сол күні-ақ сотқа дейінгі тергеу басталды. BMW автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге бағытталған барлық қажетті шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп түсініктеме берді полицейлер.

    Назар аударыңыз: видео шок туғызатын көріністері бар! Психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.

    Қарағанды облысында қызды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.