jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Алдын ала 300 мың теңге алған": Түркістан облысында тұрғындарды алдаған әйел анықталды

    доллар ұстаған зейнеткер
    Зейнеткер. Көрнекі фото: RapidEye/Getty Images

    Түркістан облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап соққан әйел анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысына барған 50 жастағы тұрғынды анықтады.

    "Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырып беретінін айтып, сендірген. Ол үшін жәбірленушілерден алдын ала 300 мың теңге көлемінде қаражат алған. Алайда біршама уақыт өтсе де уәде етілген жұмысты да, не ақшаларында қайтармаған. Яғни әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратқан", - делінген хабарламада.

    Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

    Еске салайық, Түркістан облысында телефон қолдану білмейтін қойшы алаяққа алданып қалған еді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Алдын ала 300 мың теңге алған": Түркістан облысында тұрғындарды алдаған әйел анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.