Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы облысында "Қазпошта" кассирлері сотқа тартылды

Жарияланған күні:

"Қазпочта" бөлімшесі
"Қазпочта" бөлімшесі. Көрнекі фото: facebook.com/Kazpost

Алматы облысының прокуратурасы "Қазпоштадағы" қомақты соманы жымқыру әрекеттерін әшкереледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматы облысының прокуратурасы"Қазпошта"АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтаған.

"Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу барысында "Қазпошта" АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталған.

"Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген. Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен 2 кассирге аса ірі мөлшерде (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2166165-almaty-oblysynda-qazposhta-kassirleri-80-mln-tenggeden-astam-qarzhyny-zhymqyrgan/