Ақтөбеде бір жарым айда 119 рет жол ережесін бұзған әйел жауапқа тартылды (видео)
Жарияланған күні:

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері арнайы бағдарламалық кешеннің көмегімен 3 миллион теңгеден астам қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
"Қорғау" жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.
"Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге болған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылды.
"Жолдардағы жауапсыз әрекет көбінде қайғылы оқиғаларға әкеледі. Жүргізушілер бұл туралы ойлануы керек. Көптеген шетелдік көлік жүргізушісі жазадан құтыла алады деп үміттенеді, бірақ олай емес. Полиция қызметкерлері мұндай жүргізушілерді тауып, жауапкершілікке тартады. Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін камералар орнатылған", - деп ескертті полиция қызметкерлері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2167000-aqtobede-bir-zharym-aida-119-ret-zhol-erezhesin-buzgan-aiel-zhauapqa-tartyldy-video/