jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында жас жігіт бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен

    Түркістан облысында полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
    Түркістан облысында полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Фото: Polisia.kz

    Түркістан облысында полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сайрам аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері асханадан ұрлық жасады деген күдікпен жас жігітті қолға түсірді. Күдікті жәбірленушінің бұрынғы қызметкері болып шықты.

    "Ол бұрын дәмханада өз міндеттерін атқарып жүргенде жұмыс берушісінің кассада қомақты сомада ақша барын білген. Түнгі уақытта жас жігіт дәмханаға жасырын кіріп, кассадағы ақша мен қызметтік телефонды жымқырған. Содан оңай жолмен келген ақшаны жаратып жіберген", - делінген полиция хабарламасында.

    Полицейлер қолды болған телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Еске салайық, Астанаға ауылдан қыдырып келген 63 жастағы әйел адам қаладағы дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзікті ұрлап кеткен еді. Сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, күдікті қолына тағып көрген жүзікті қалтасына басқан.

    Түркістан облысында жас жігіт бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.