jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Мектептерде заңсыз ақша жинау: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

    Мектеп оқушылары мұғаліммен бірге
    Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинауға мұғалімдерді тарту заңсыз екені ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының екі мыңнан астам басшыларының, аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бақылау іс-шараларын ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау бойынша жан-жақты түсініктемелер алды.

    Білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Заңы шеңберінде педагогтердің кәсіби қызметіне байланысты бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

    "Педагогтерді кәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзу қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптылыққа алып келеді.

    Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуі тиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз", - деді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов. Ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған кезде аумақтық департаменттерге немесе Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша дереу хабарлау ұсынылды.

    Ведомство мәліметінше, білім беруге бөлінген қаражатты жымқырудың жолын кесу мақсатында Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп "Жол картасын" іске асырып жатыр. Нәтижесінде мемлекет қазынасына тиісінше жұмсалмаған 15 миллиард теңге қайтарылды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту жөніндегі жұмыс жалғасын табады.

    Мектептерде заңсыз ақша жинау: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.