Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда шетелден келген сәлемдемеден есірткі табылды (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің бөлімшесінен шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты.

"Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды", - делінген хабарламада.

Қалa әуежайында пошла жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176265-almatyda-shetelden-kelgen-salemdemede-esirtki-tabyldy-video/