Алматыда автобус жүргізушісімен төбелескендер видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:

Алматыда ер адамның автобус жүргізушісімен төбелесуі видеоға түсіп қалды. Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кадр Instagram-дағы krisp_almaty аккаунтында жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес бүгін, 21 қазан күні таңертең Назарбаев даңғылында болған.
Сондай-ақ басылымда ер адам автобустың жабық есіктерін тепкілегені, содан кейін жүргізуші жүгіріп шығып, оған ұрса бастағаны айтылған.
Содан кейін куәгерлердің айтуынша, ер адам пышақ тәрізді затты алып, жүргізушіні қорқыта бастады.
Жүргізуші ақыры автобустың есігін жауып, кетіп қалды.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл фактіге қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Мән-жай анықталуда. Жанжалдың әрбір қатысушысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", - делінген ведомство хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176943-almatyda-avtobus-zhurgizushisimen-tobeleskender-videoga-tusip-qaldy/