jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістан облысы энергетика басқармасының басшысы жауапқа тартылды

    Сұйытылған газ
    Көрнекі фото: Cezaro De Luca/Europa Press/Getty Images

    Түркістан облысында қадағалау органы халық арасында сұйытылған газды сатуды қамтамасыз ететін кәсіпкерлерге газдың біркелкі бөлінбеу фактілерін анықтады. Заң бұзушылықтарға жол берген энергетика басқармасының басшысы тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Прокурорлар уәкілетті органның қызметін тексеру кезінде бәсекелестікке қарсы әрекеттерді анықтаған. Атап айтқанда, сұйытылған газ көлемі жеткізушілер арасында бөлінгенде жасанды түрде төмендетілген және белгіленген ережелердің мерзімі мен талаптары бұзылған.

    Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде сұйытылған газды бөлу жөніндегі комиссия құрамы жаңартылды. Кейін сұйытылған газды объективті бөлу бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ құқығы бұзылған 44 кәсіпкердің шығынын шикізатпен өтеу шаралары, газ тапшылығын қолдан жасау мен газ бағасының көтерілуін болдырмау шаралары қабылданып жатыр.

    Бұдан бөлек аталған заң бұзушылықтарға жол берген энергетика басқармасының басшысы комиссия құрамынан шығарылып, тәртіптік ("қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі) және әкімшілік жауапкершілікке (ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігімен (бәсекелестікке қарсы әрекеттер) 2,2 млн. теңге айыппұл төленген) тартылған.

    Түркістан облысы энергетика басқармасының басшысы жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.