Оқыс оқиға

Зектілері

Шымкент тұрғыны 4 жыл бойы алимент төлемей, 7 млн теңгеге жуық қарызға батқан

Жарияланған күні:

Ақша
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

4 жыл бойы алимент төлемей келген Шымкент тұғынының берешегі 6,8 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Еңбекші ауданы прокуратурасы талдау нәтижесінде 4 жыл ішінде дәлелді себепсіз алимент бойынша 6 838 670 теңге соммасына берешегін өтемеген борышкерді анықтаған. Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аудан прокуратурасы биыл 10 шілдеде аталған факт бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Еске салайық, 5 жастағы баласына алимент төлемей келген Павлодар облысының тұрғынына 1 миллион теңгедей айыппұл салынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2178621-shymkent-turgyny-4-zhyl-boiy-aliment-tolemei-7-mln-tenggege-zhuyq-qaryzga-batqan/