Оқыс оқиға

Зектілері

ҚМА "Кэзби" компаниясының атқарушы директорына қатысты қылмыстық іс қозғады

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған айыпталушы. Көрнекі фото: freepik.com

Қаржылық мониторинг агенттігі "Кезби" компаниясына қатысты қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚМА Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деген күдікке ілінді.

2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасқан.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған. 2024 жылғы 3 қарашада күдікті Ержан Кезбаев ұсталды.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіне сай өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2182266-qma-kezbi-kompaniianyng-atqarushy-direktoryna-qatysty-qylmystyq-is-qozgady/