jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте ата-ана міндетін орындамаған 9 заңды өкіл жауапқа тартылды

    Тәртіп
    Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

    Шымкентте ата-ана міндетін орындамаған 9 заңды өкіл жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, полицейлер түнгі рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде халық көп шоғырланатын жерлерде жабайы саудамен айналысып жүрген 15 жастағы қызды анықтады.

    Жасөспірімді тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік шара қабылданды.

    Оқушылардың күзгі каникулында ұқсас құқықбұзушылықтары үшін көшелерде заңсыз саудамен және ақша жинаумен айналысқан тағы 8 баланың ата-анасы жауапқа тартылды.

    Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйінен тыс жерлерде болуына жол бергені үшін 200-ге жуық тұлға жазаланды.

    Шымкентте ата-ана міндетін орындамаған 9 заңды өкіл жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.