jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ТЖМ лауазымды қызметкерлері 40 млн теңгеге жуық пара алғаны үшін сотталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды. Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін пара алған, деп хабарлайды Антикор.

    Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған.

    Сондай-ақ Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

    Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.