jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкент СЭБД басшысы 600 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

    Ақша
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    Шымкент СЭБД басшысы маманды жұмысқа орналастыру мақсатында пара алғаны үшін сотталды. Пара берген азамат та жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Брифинг барысында Антикор өкілі Данияр Бекайдаров Шымкент қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев алты жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты. Үкімді Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот шығарған.

    Одан бөлек, іске қатысы бар басқа да азаматтар сотталған. Оларға мемлекеттік лауазымда қызмет етуге өмір бойына тыйым салынып, 42 млн теңге айыппұл бекітілді.

    "Департаменттегі қызметкерлерді басқару қызметінің басшысы Тұрсынбаеваға 21 млн теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Ал Шымкент қалалық көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Махатова 9 млн теңге, пара берген Әшірбаева 12 млн теңге айыппұл арқалады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі.

    Бекайдаров аталған тұлғалар 600 мың теңге көлеміндегі параны бергені, алғаны және арада делдал болғаны үшін кінәлі деп танылғанын алға тартты. Бұл қаражат департаменттің аудандық басқармасына бас маман қызметіне орналасу үшін берілген.

    Шымкент СЭБД басшысы 600 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.