Оқыс оқиға

Зектілері

Павлодарда балаларды зорлады деген күдікпен екі адам ұсталды

Жарияланған күні:

Жылап отырған қыз
Жылап отырған жас қыз. Көрнекі сурет: doidam10 / Getty Images

Павлодар облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілі аудандардың бірінде кәмелет жасқа толмаған екі баланың зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өңірдің бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова балаларға жасалған қылмыс туралы мәліметті Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Павлодар облысындағы аудандардың бірінде жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа тап болған екі балаға барлық жәрдем, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Екі күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды", - деп жазды Сәуле Шәкенова.

KAZ.NUR.KZ осы мәселеге байланысты Павлодар облысының полиция департаментіне сауал жолдады.

Бұған дейін желіде Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде өгей әкесі тоғызыншы сыныпта оқитын қызын зорлады деген күдікке іліккені туралы мәлімет тараған. Ақпаратты өңірлік полиция департаменті өкілдері растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2191077-pavlodarda-balalardy-zorlady-degen-kudikpen-eki-adam-ustaldy/