jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Есірткіге мас болған: Шымкентте "синтетика" таратумен айналысқан үш адам ұсталды (видео)

    Күдіктілердің ұсталған сәті
    Күдіктілердің ұсталған сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

    Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды. Олардан аса ірі мөлшерде әртүрлі психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Күдіктілерді патрульдік полиция полкінің инспекторлары таңғы 6:00 шамасында анықтады. Көлік тоқтатқан кезде жүргізуші мен екі жолаушының әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызған.

    Тексеру барысында жолаушылардың бірі бой тасалауға тырысты, бірақ бірден ұсталды. Күдіктілерден 1 келіге жуық есірткі тәркіленді. Полицейлердің қырағылығының арқасында қара нарыққа “синтетиканың” бір реттік мың дозасы жіберілген жоқ.

    Ұсталғандардың қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқаны анықталды. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ тергеу бастды. Сонымен қатар медициналық куәландырудың нәтижесі үш ер адамның да есірткілік масаң күйде болғанын растады.

    Аталған құқықбұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

    Есірткіге мас болған: Шымкентте "синтетика" таратумен айналысқан үш адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.