jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысында жылу беруге жауапты аудан әкімі мен басқа да шенеуніктер жазаланды

    Жылу беру маусымы
    Жылу беру маусымы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Абай облысында жылу беру маусымын үзгені үшін кәсіпорын директоры жұмыстан босатылса, аудан әкімі мен тағы бірнеше шенеунік жазаланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыс прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізіп, облыс орталығында жылу маусымы 1 қазанда үзіліссіз басталғанын анықтады.

    "Алайда басқа аудандарда жергілікті атқарушы органдарының жылу беру маусымына дұрыс дайындалмағаны анықталды. Салдарынан Аягоз ауданында қазандықтың жұмысы тоқтатылып, ал Жарма ауданында жабдықты жөндеу жұмыстары аяқталмаған", - делінген хабарламада.

    Прокуратураның актісімен аталған аудандарда жылу беру маусымын бұзғаны үшін, Аягөз ауданының әкімі мен облыс әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, "Жарма-Су" КМК директоры қызметінен босатылды.

    Бұған дейін Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз. Қала басшысы қызметін уақытша Мақсат Қайрешов атқаратын болды.

    Осы мәселеге қатысты мәжіліс кулуарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен вице-премьер Роман Скляр пікір білдіріп, премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылғаны белгілі болды. Апат орнында резервтегі жылыту жүйесін пайдалану туралы шешім қабылданды.

    Абай облысында жылу беруге жауапты аудан әкімі мен басқа да шенеуніктер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.