jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында көлік салонына жылқы тиеп алған жүргізуші анықталды

    Қарағанды облысында жылқыны тиеген көлік
    Қарағанды облысында жылқыны тиеген көлік. Фото: polisia.kz

    Қарағанды облысында жеңіл көлік салонына жылқы тиеп алған жүргізуші анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, 11 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра — Теміртау республикалық автожолында патрульдік полиция қызметкерлері Audi көлігін тоқтатқан.

    Тексеру барысында көлікте жылқы болған. Темір тұлпарды тізгіндеген Бұқар Жырау ауданының тұрғыны жылқының өзіне тиесілі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмаған.

    "Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 7 қазаннан бері өтіп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 фактісі анықталды. Оның 20 жағдайында жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Қарағанды облысында көлік салонына жылқы тиеп алған жүргізуші анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.