jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Оқу орнының басшылығы білген": СҚО-да колледж студенттерінен ақша бопсалау дерегі анықталды

    Студенттер аудиторияда отыр
    Студенттер. Көрнекі фото: freepik.com

    Солтүстік Қазақстан облысында бірінші курс студенттерінен ақша бопсалаған колледж студентіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Прокуратураның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен жүргізілген жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен жүйелі түрде ақша талап етілгені белгілі болған.

    Қадағалау органының хабарлауынша, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі бойынша Ақжар аудандық полиция бөліміне тіркеліп, тергеу жүргізілген.

    2023 жылғы 28 қарашада Ақжар аудандық сотының үкімімен аталған колледждің үшінші курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды

    "Айта кетерлігі, аталған фактіні оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарланбаған.

    Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған бұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылып, болашақта мұндай фактілердің орын алуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды", - делінген хабарламада.

    Бүгінгі күні үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "Оқу орнының басшылығы білген": СҚО-да колледж студенттерінен ақша бопсалау дерегі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.