Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда есірткі дайындады деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Алматыда ұсталған ерлі-зайыптылар
Есірткі. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыда есірткіні заңсыз дайындау және сақтау ісіне қатысы бар деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.Z Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында жас отбасылық жұп қолға түсті. Оларға есірткі заттарын заңсыз өндіру және сақтау айыбы тағылып отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер Telegram мессенджері арқылы жетекшілерінен нұсқау алып, әрекет еткен. Олар прекурсорларды синтетикалық есірткі өндіру үшін алып келген. Дайын өнімді орап, сату үшін арнайы орамалар дайындаған.

"Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2202747-almatyda-esirtki-daiyndady-degen-kudikpen-erli-zaiypty-ustaldy-video/