jitsu gif
Оқыс оқиға

    Полиция көлігінен қашып кеткен күдікті Алматы облысында ұсталды

    Іздеудегі күдікті
    Іздеудегі күдікті. Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

    Желтоқсанның басында полиция көлігінен қашқан күдікті Алматы облысы ауғамында ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    "Алматының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы облысы аумағында іздеуде жүрген, айдауыл көлігінен қашып кеткен ер адамды ұстады", - деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі.

    Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта қашып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Бұған дейін ол бөтен адамның мүлкін ұрлағаны үшін ұсталғаны мәлім болды.

    Естеріңізге сала кетейік, Алматы қалалық полициясы 4 желтоқсанда кешке айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен азаматқа іздеу жариялағанын жазған едік.

    Полиция көлігінен қашып кеткен күдікті Алматы облысында ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.